Imprimer
PDF

Қызметтер

PR-дың мақсаттары мен міндеттері, немесе, PR-дың жарнамадан айырмашылығы неде?

Бүгінгі таңда топ-менеджерлер – жарнаманы тұтынушыға әсер етудің құралы ретінде пайдалану арқылы нарықтағы өз сегментіңде бәсекелестік құру және әрі қарай даму өте қиынға соғады деген пікірге жиі келіп тоқтауда. Жарнама – өнім мен оның ерекшеліктері туралы ақпарат беру құралы ғана болып табылатындығын аңғару қиын емес, ал PublicRelations – компанияның (өнімнің) имиджін жасайды, мақсатты аудиторияның арасындағы жылы шырайлылықты арттыруға және бәсекелестердің арасында оның танымал болуын арттыруға мүмкіндік береді.

Жарнамаға қарағанда, PR-дің әсер ету механизмі толығымен өзгеше. Жұртшылықпен байланыстың кәсіби жұмыс істеуі үшін белгілі бір уақыт бойына ақпарат ағымын құру керек.

Жарнама тікелей тұтынушыға әсер ететін болса, ал PR – белгілі (берілген) тұжырымға өзі келіп тоқтайтындай әсерді адамның бойында қалыптастыруы тиіс. Өйткені, дәл осындай жағдайда ғана адамның бойында оның «өз бетінше» ұғынған ойына қатысты сенім пайда болады.

Дегенмен, көбінесе топ-менеджерлер PR-кампаниялардан шапшаң нәтижелерді күтеді, ал бұл дұрыс емес. Өйткені, PR-дың басты ерекшелігі – оның ұзақ мерзімділігі болып табылады. Яғни, егер компания бір жылдың ішінде тұрақты шараларды жүргізген болса, онда нәтижеге бірнеше жылдың ішінде қол жеткізетін болады. Бұл – дәл сол жарнамалық қызметтің тағы бір айқын сипаты болып табылады, ал оны тоқтатқан жағдайда, өнімге деген сұраныс та төмендей бастайды.

Сонымен қатар, PR-кампанияның мақсаттарына – оның аяқталуы барысында толық көлемде қол жеткізілді деп айту дұрыс болмайды. Өйткені, компанияның имиджін қалыптастыру үдерісі үздіксіз болып табылады, ал оны тоқтатқан жағдайда, Сіз белгілі бір деңгейде компанияның (өнімнің) даму үдерісін тоқтатқан боласыз.

Сапалы PR-жылжытумен кедескен компаниялар жұртшылықпен тұрақты түрде жұмыс істеу жөнінде ойлана бастайды, осы бағыттағы белгілі мақсаттарды алдына қоя бастайды. Ал жарнамаға қарағанда, PR-дың әрдайым стратегиялық сипатты иемденетінін олар уақыт өте түсіне бастайды.

«PRIME MEDIA L.L.P» ЖШС толық циклды агенттік болып табылады және PR-сүйемелдеу және жылжыту бойынша қызметтердің толық жиынын ұсынады.