2011 жылғы бизнес туралы ең жарқын дәйексөздер

Forbes әйгілі бизнесмендердің жарқын пікірлерінің қызықты топтамасын құрып, өтіп бара жатқан 2011 жылдың бизнес-қорытындысын жасады.

"Идея бар. Ақша бар. Серіктес жоқ. Шығыс славяндары тарихи тұрғыда серіктессіз коммерциялық істерді жүргізіп отырған. Бірінші Петрдің өзі жарлықтың көмегімен саудагерлерді батыстық мәнерге сәйкес серіктестіктерге біріктіруге тырысты. Бірақ амал қанша, біздің діліміз осындай: тығыз өмір сүреміз, жеке-дара алып-сатамыз. Сондықтан да, серіктессіз амал жасай алатын болсаңыз, онда серіктессіз амал жасаңыз", - Евросеть-тің негізін қалаушы Евгений Чичваркин.

"Мен өз жаратылысым бойынша анағұрлым қатал, агрессивті болдым. Мені басып озуға, алдап кетуге немесе қандай да бір жолмен пайдалануға тырысатын адамдар менің қатты ашуымды келтіретін. Менің арқамнан міндеттемелерді бұза отырып, ақыл-айла жүргізе отырып, сонымен қатар көңілді түрде құшақтасуды және көзіме қарауды жалғастырып жүрген адамдар ашуымды келтіретін. Мұндай жағдайларды мен әп-сәтте жанжалға айналдыратынмын. Ал кейіннен мұндай қылықтан арылдым, өйткені мен келесіні түсіндім: сабырлылық — бизнестегі ең басты қасиеттің бірі десе де болады. Сабырлылық, мәмілегерлік, ымыраға келу өнері және көп өлшемді ойынды жүргізу шеберлігі ", - Олег Бойко, миллиардер, инвестор.

"Данышпандардың қажеті жоқ, олардың пайдасы шамалы, жұмысқа басты назарын аударуға және командада жұмыс істеуге қабілетті, білгір әрі ұқыпты адам болуы керек ", - Валентин Гапонцев, физик-лазерші, мультимиллионер.

"Біз неге әлеуметтік желілерде ештеңе жасай алмаймыз дегенге қатысты әр-түрлі теориялар ойлап табылуда. Ал бар болғаны, біздің қолымыздан келмейді! Сатып алуға да тырыстық — көмектеспейді, барлық жерде де бола алмайсыз ", - Аркадий Волож, Яндекстің негізін қалаушы.

"Мен бизнесте «жоқ» сөзі болмайды деген ұстанымға арқа сүйеймін. Егер бағасы қызықтырарлық болса, кез-келген бизнесті сатуға болады. Мен адамдардың «ешқандай бағаға сатпаймын» деген сөздерін бірталай рет естігенмін. Менің ойымша, бұл экономикалық тәсілдеме емес", - Александр Косьяненко, Перекресток желісінің негізін қалаушылардың бірі.

"Бәсекелестердің мысалынан да үйренуге болады және үйрену керек. Ықпал ету аймақтарын бөлісіп, агрессивті әрекеттерден қашқақтап қана қоймай, қандай да бір пайдалы нәрсені үйренуге де болады. Мен бәсекелестерден біршама көп нәрселерді үйрендім, және де, егер адаммен сенің жақсы қарым-қатынасың түзілген болса, өте маңызды ақпаратты соншама жеңіл жолмен алуға болатындығына мен әрдайым таңданатынмын. Адамдар өз жетістіктерімен мақтануға бейімді келеді және сенің ойыңа да кіріп-шықпайтын нәрселерді айтатын жағдайлары біршама жиі кездеседі", - Олег Бойко, миллиардер, инвестор.

"Неге біз түпкі меншіктенушілер туралы ақпаратты жарияламау керек деп есептейміз? Біріншіден, түпкі меншіктенушілер туралы ақпарат ашылмаған жағдайда, корпорацияның қызметі біршама тұрақтырақ болады. Жеке тұлға немесе жеке тұлғалар шабуыл нысандары болуы мүмкін. Рейдерлік шабуылдың нысандары болуы мүмкін. Егер олар белгісіз болса немесе анық белгілі болмаса, онда, тиісінше, шабуылдың нысаны жоқ болады. Рейдерлік шабуылдардан қорғанудың кепілдігі бар ма? Шамасы, жоқ болса керек. Сондықтан да, біз осындай қауіпті қарастырамыз. Біз оны тойтарылмайтын деп есептейміз бе? Жоқ. Бұл – ақша үнемдеу мәселесіне келіп тіреледі. Біз мұндай адамды немесе мұндай адамдарды қорғауға ресурстарды шығындаймыз, я болмаса шығындамаймыз. Сайып келгенде, бұл – бизнес. Және екінші себебі мынада: біздің акционерлер — атаққұмар емес адамдар", - Дмитрий Каменщик, Домодедово әуежайының ортақ иемденушісі.

"Бизнесте – келешекті көре білу ғана маңызды емес, сонымен қатар, оны сипаттап, кейіннен адамдарды оған алып бару да маңызды", - Владимир Поляков, инженер, мультимиллионер.

"Сіздің тауарыңыз немесе қызметіңіз бірегей болуы тиіс. «Қарапайым тақтай, көтерме және бөлшек саудамен, Мәскеудегі қоймадан» Сіздің жанұяңызды асырай алады, бірақ, Сізді бай ете алмайды. Ол – бірегей тақтай болуы тиіс, немесе оның бағасы ең төмен деңгейде болуы тиіс, я болмаса, оны жеткізу аса жедел түрде жүзеге асырылуы тиіс, ал ең дұрысы – барлық осы факторлардың жиынтығы қамтамасыз етілуі тиіс", - Евгений Чичваркин, Евросеть-тің негізін қалаушы.

"Маған табыс әкелетін нәрсе ұнайды. Бұл – басты қағидат. Оның үстіне, бүгін ғана емес, сонымен қатар ертең де. Мен шынында да ұзақ мерзімді және стратегиялық инвестормын. Қоржындық қысқа мерзімді инвестициялар адам ретіндегі маған қызықты емес. Және мен оларды жасамаймын десем де болады. Сондықтан да, көп жағдайларда менің инвестицияларым — бұл менің ертең не болатынын бағалауымның көрінісі. Мен қателік жіберуім мүмкін, кейбір кездерде ұтылып қалуым да мүмкін", - Алексей Мордашов, Forbes рейтингіндегі №2.

"Мен үшін ақша толық түрде виртуалдық бірліктер болып табылады, және де оларды шынайы маңызды нәрселерден бөлек түрде талқылау ақылға сыймайды. Әлдебіреуге бірдеңені дәлелдеу үшін мұндай жарысуға қатысу, менің пікірімше, шын мәнінде пайдасыз кәсіп болып табылады, әйтсе де, бұл – спорттың ең нашар түрі емес", - Павел Дуров, ВКонтакте-нің негізін қалаушы.

Түпдерек:

www.publicity.kiev.ua