2011 ЖЫЛҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІЛЕРДЕГІ КАМПАНИЯЛАРДЫҢ ҮЗДІК ОНДЫҒЫ

Обермуттен, Швейцария

Тұрғындарының саны 79 адамды құрайтын, Швейцарияның Обермуттен деревнясы әлеуметтік желіде өз парағын ашып, онда мэрдің – оны «лайктейтін» кез-келген адамның аватары қалалық (виртуалдық емес, іс жүзіндегі) жарнама тақтасында  орын табады – деген уәдесі айтылған бейнеүндеуі жарияланғаннан кейін, Facebook-тің сенсациясына айналды. Енді Обермуттеннің 14 мыңнан астам табынушысы бар. JungvonMatt/Limmat агенттігі бұл кампанияны аймақтық туризм департаменті үшін жетілдірген.

HallsUvaVerde

Өткен жылдың соңында KraftFoods компаниясына тиесілі Halls бренді Бразилияда өзінің жасыл жүзім дәмі бар мұз кәмпиттерін сатуды доғарғаннан соң, оның табынушылары сүйікті хош иісті қайтару жөніндегі талаптарымен әлеуметтік желіде әңгіме қозғаған болатын. Kraft компаниясы олардың тегеурініне бойсұнды да, кейіннен EspalheGuerrilhaMarketing агенттігіне 5 мың UvaVerde мұз кәмпиттерінің арасындағы хош иістердің үш ең нағыз табынушыларының мүсіндерін жасай алатын мүсіншілерді табуды тапсырды. Сонымен қатар, Агенттік тәтті мүсінде бейнесі түсірілетін төртінші табынушыны іздеп табу үшін Facebook-кампанияны жүзеге асыруға кірісті.

Small Business Saturday

American Express осымен екінші жыл қатарынан SmallBusinessSaturday акциясын жүргізіп отыр, және екінші жыл қатарынан ондағы негізгі роль әлеуметтік желілерге берілген. Акцияның мақсатыАлғыс айту күнінен кейінгі сенбі күні жергілікті ритейлер дүкендеріне сатып алушылардың ағымын ұлғайту болып табылады. Facebook бірінші болып тіркелген 10 мың фирмаға сомасы 100 долларлық тегін жарнама ұсынды. Бұл парақтың қазіргі таңда 2,7 миллион табынушысы бар, өткен жылы бұл көрсеткіш 1,2 миллионды құраған болатын. Сонымен қатар, #SmallBizSaturday Twitter-дегі трендтердің жоғары сатысына енді. Кампания CrispinPorter&BoguskyDigitas бірлескен күш-жігерімен жетілдірілген болатын.

«Нағыз қан»

HBO арнасы ImmortalizeYourself («Өзіңді мәңгілік ет») атты Facebook-қосымшасын шығара отырып, «Нағыз қан» сериалының төртінші маусымының премьерасы төңірегінде дау-дамайды көпіртіп жіберді, онда табынушыларға – өздерінің қатысуымен, фильмнің нақты кейіпкерлерінің қатысуымен, сондай-ақ, өздерінің Facebook бойынша достарының қатысуымен бейнероликтер жасау мүмкіндігі берілді. Бұл қосымша – профильде көрсетілген пайдаланушылық деректердің негізінде бейнероликтерді жинақтайды, бұл ретте, кездейсоқ достар да, бастапқыда таңдап алынған пайдаланушылар да оларға қатыса алады. Қосымшаны НВО тапсырысы бойынша Definition 6 компаниясы жетілдірген болатын.

Heinz

Heinz, WeAreSocial агенттігімен серіктесе отырып, Ұлыбританияда тұмау мен салқын тию маусымының басталуына орайластырылған кампанияны іске қосты. Компания Facebook-та өзінің табынушыларына – сырқаттанып қалған достарына бір банка томат сорпасын немесе тауық сорпасын жіберу мүмкіндігін ұсынды. Пайдаланушылар 3 долларға бір банка сорпа сатып алады, онда – алушының аты-жөні көрсетіледі де, оған үш-төрт жұмыс күнінің ішінде жеткізіледі. Сондай-ақ, банкада – тез арада сауығып кету туралы тілек пен жіберушінің есімі орналастырылады.

Ultimat арағы

Ultimat арағы SocialLifeAudit атты Facebook-қосымшасын ұсынды, ол – бет-жүздерін API-танудың көмегімен, пайдаланушылардың жекелеген фотосуреттеріндегі немесе олардың профайлындағы шаттық деңгейінің қаншалықты жоғары екендігін анықтайды, сондай-ақ, достардың арасындағы біреуімен романтикалық қарым-қатынастардың түзілу әлеуетін анықтай отырып, гендерлік талдау жасайды. 2,5 миллион танымал орын енгізілген BlackBook деректер базасының көмегімен, бұл қосымша – пайдаланушының сәндік мекемелерге баратын-бармайтындығына қатысты, Facebook-тағы чекиндерді тексереді. Кампанияны Amalgamated агенттігі ойлап тапқан болатын, ал қосымшаны StinkDigital жетілдірді.

Citroën

Компания «Твиттер-марафонның» демеушісі болды, оның шеңберінде Нидерландының тұрғындары CitroënDS5 жеңіп алу мүмкіндігін иемденді. Бір күн бойы тележүргізуші Фрукье де Бот (FroukjedeBoth) автомобильде #ds5race бойынша Twitter пайдаланушылары ұсынған бір жерден басқа бір жерге дейін орын ауыстырып отырды. Ережелерге сәйкес, белгіленген ақырғы жерге дейін бірінші болып жеткен және машинадан тауып алған құпия кодын твиттеген адам жеңімпаз болды. Компания EuroRSCGAmsterdam мен PerfectFools-тың бірлескен күш-жігерімен ойлап табылды және жүзеге асырылды.

Volkswagen

Volkswagen автомобиль бренді өзінің голландиялық Facebook-парағында пайдаланушыларға – олардың сүйікті классикалық автомобилі (T1 немесе «Жук») үшін дауыс беруді ұсынатын, сондай-ақ, сан түрлі әлеуметтік-желілік керек-жарақтармен толықтырылған, дауыс беру барысында жеңіске жеткен фанвагенді (Fanwagen) жеңіп алу мүмкіндігіне қол жеткізуді ұсынатын қосымшаны орналастырды. Бақытты иемденуші, мысалы, фанвагенде Facebook-лентаны басып шығара алады және нөмірлік белгіде өзінің отбасылық жағдайының мәртебесін орналастыра алады. Кампанияны жетілдірумен голландиялық Achtung! агенттігі айналысты.

Flair

Бельгияның апталық Flair сән журналы пайдаланушыларға – олардың достарының үздік киімдерді қайдан табатындығын біліп алуына көмектесу үшін, FashionTag («Сәндік таңба») атты Facebook-қосымшасын жетілдірді. Брюссельдік DuvalGuillaume агенттігі жасап шығарған қосымша пайдаланушыларға – достарының фотосуреттеріндегі киім бұйымдары мен керек-жарақтарын белгілеу мүмкіндігін, ал одан кейін, осы фотосуреттерді олардың дуалдарында – мұндай заттардың қайдан сатып алынғандығы туралы сұрақтарымен бірге – посттауға мүмкіндік берді. «Сәндік таңбалар» жауаптарымен бірге Facebook-та арнайы галереяда пайда болады, ал олардың арасындағы үздіктері журналдың беттеріне түскен.

Intel-Toshiba

Intel мен Toshiba – кинематографиялық бейімдегі интерактивті әлеуметтік кампания болып табылатын TheInsideExperience кампаниясын ұсынды, онда актриса Эмми Россам (EmmyRossum) басты кейіпкер Кристина Перассоны ойнады. Бұл қызды ұрлап әкеткен, және оған қалдырылған ноутбукты (ноутбук та кампанияның шеңберінде жарнамаланды) пайдалана отырып, ол Facebook, Twitter және YouTube-тың көмегімен өзінің орналасқан жері туралы тұспалдамаларды ғана бере алатын болды. Табынушылар Кристинаның тұспалдарына сүйене отырып, бірлескен күш-жігер жұмсау арқылы жұмбақты шешуі тиіс болды. Кампанияны Pereira&O'Dell агенттігі ойлап тапты.

Түпдерек: branded.ru