«PRIME MEDIA L.L.P.» PR-АГЕНТТІГІНІҢ САЙТЫНА ҚОШ КЕЛДІҢІЗ!

«PRIME  MEDIA L.L.P» - PR және жарнама нарығында 2007 жылдан бастап жұмыс істеп келе жатқан, серпінді дамып отырған компания болып табылады. Тәжірибелі кәсіпқойлар мен жас мамандардың синергиясы агенттікке қысқа мерзімнің ішінде өз тауашасында жетекші позицияларды иемденуге мүмкіндік берді. Біздің қол жеткізген жетістігіміз ретінде – мемлекеттік құрылымдарға, ірі банктерге, телекоммуникациялық компанияларға, энергетика және мұнай секторларындағы компанияларға арналған PR-кампанияларды жүргізудегі тәжірибені атап өтуге болады. Ол – «Үдемелі индустриалды-инновациялық даму жөніндегі Мемлекеттік бағдарлама», «Қазақстан Республикасы Президентінің «Алтын Сапа» Сыйлығы», «Қазақстанның үздік тауары» Көрме-байқауы», «Электрондық үкімет» және т.б. сияқты ірі жобалар.

Біз әрбір жобаға жеке тәсілдемемен кірісеміз. Клиенттің қалауы мен мүмкіндіктерін ескере отырып, агенттік стратегиялық PR мен Жарнама саласындағы қызметтің толық жиынын ұсынады.

Біздің бұлжымас мақсатымыз – клиенттерге креативті шешімдерді, тиімді шарттарды ұсыну, ең жоғары сападағы жұмысты қамтамасыз ету, өсіп-өркендеуге жәрдемдесу.